Алматы метросындағы кептеліс: 1 қыркүйекте жолаушылар саны күрт артқан
Жарияланған күні:
Читать на русском
1 қыркүйекте Алматы метросында жолаушылар саны күрт өсті. Метрополитен түске дейін ондаған мың адамды тасымалдаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа оқу жылының алғашқы күні Алматы метросында жолаушылар ағыны өсті. 1 қыркүйек, сағат 06:20-дан 14:00-ге дейін метро қызметін 40 мыңға жуық жолаушы пайдаланды.
"Оқу жылының басталуына байланысты электр пойыздардың қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Таңғы және кешкі қарбалас уақытта поездар арасындағы интервал 3 минут 27 секундқа дейін қысқартылды.
Метрополитен жолаушыларға қолайлы және қауіпсіз қызмет көрсету үшін жолаушылар ағынына мониторинг жүргізуді жалғастыруда", - деп мәлімдеді метроның баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2421368-almaty-metrosyndagy-keptelis-1-qyrkuiekte-zholaushylar-sany-kurt-artqan/
