jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу нормасы Конституцияға қаншалықты сәйкес келеді

Сот атрибуттары
Сот. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Конституциялық сот Қылмыстық кодекстің белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу нормасының Ата заңға сәйкестігін тексереді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Конституциялық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Конституциялық сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш беруші мемлекеттік қызметші санатына жатпайтын және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнаулы субъектісінің белгілеріне ие емес адамға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салуды қолдану әділеттілік, мөлшерлестік және жауаптылықты даралау қағидаттарын бұзуы, сондай-ақ еңбек ету құқығы мен кәсіптік қызметті еркін таңдау құқығын шектеуі мүмкін деп есептейді.

Қарау нәтижелері Конституциялық соттың ресми сайтында және Telegram-дағы арнасында хабарланады.

Белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу нормасы Конституцияға қаншалықты сәйкес келеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram