Астанадағы көлік айрықтарының бірінде қозғалыс қыркүйектің ортасына дейін шектеледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада қыркүйек айының ортасына дейін Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысында көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астанада Тілендиев даңғылы бойынша "Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысындағы көлік айрығын салу" жобасы аясында жол жұмысы жүріп жатыр.
15 қыркүйекке дейін бұл учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылған.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды", - делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2422028-astanadagy-kolik-airyqtarynyng-birinde-qozgalys-qyrkuiek-aiynyng-ortasyna-deiin-shekteledi/
