jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Павлодарда кәріз құдығын түскен 6 адам улы газға уланып қалған

Кәріз құдығы
Кәріз құдығы. Иллюстрациялық фото: angeluisma/Getty Images

Павлодарда кәріз құдығына түскен 6 адам улы газға уланып қалған. Жұмбақ жағдайда қаза тапқан сүт фермасы жұмысшыларының неден көз жұмғаны белгілі болды. Арнайы Үкіметтік комиссия тексеріс қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Комиссия қорытындысы бойынша Жоламан ауылындағы қайғылы жағдайға кәріз құдығындағы  күкірт сутегі себеп екен. Жұмысшылар ешқандай қорғаныш құралдарынсыз  жер асты құдығына түскені де белгілі болды.

"Үкіметтік комиссияның қорытындысы бойынша 100 пайыз жұмыс берушінің кінәсі тағайындалды. Бүгінгі күні материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Тергеу комиссиясының қорытындысы бойынша адамдар жұмыскерлер уланған. Күкірт сутектен уланған болып шықты", - деп пікір білдірді облыстық еңбек басқармасы басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға шілде айының 20-сы күні Жоламан ауылындағы сүт фермасында болған. Кәріз құдығын жөндеуге түскен бір адамды құтқарамыз - деп 6 бірдей азамат көз жұмды. Араларында бір отбасының 3 адамы бар. Әкесі 2 баласымен бірге қайтыс болды. Олардың біреуі кәмелет жасына толмаған 17 жастағы оқушы болатын.

Осы жағдайға байланысты  күдікті ретінде сүт фермасының екі қызметкері мен қоса компания құрылтайшысы Александр Тереньтев те қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Павлодарда кәріз құдығын түскен 6 адам улы газға уланып қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram