jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда алғашқы АЭС салына бастайды: құжатқа қол қойылды

АЭС
АЭС. Иллюстрациялық фото: Harald Freudenmacher/Getty Images

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті жобалау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми Telegram-парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, Владивосток қаласында өтіп жатқан XI Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстанда атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.

Құжатқа "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС мен "Росатом" мемлекеттік атом энергиясы корпорациясының еншілес кәсіпорны – "Атомстройэкспорт" АҚ арасында қол қойылды.

Келісімшартқа қол қою Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жобасының жаңа практикалық кезеңге өткенін білдіреді.

2026 жылғы 28 мамырдағы үкіметаралық келісімге сәйкес, тараптар белгіленген рәсімдерді, соның ішінде Қазақстан үкіметімен қажетті келісуді жүзеге асыруға кіріседі.

"АЭС жобасын іске асыру ел үшін стратегиялық маңызға ие. Экономиканың, өнеркәсіптің, инфрақұрылымның, цифрландырудың және жасанды интеллектінің дамуына байланысты Қазақстанның сенімді әрі тұрақты электр энергиясына деген қажеттілігі кезең-кезеңімен арта түседі.

Атом энергетикасы алдағы онжылдықтар бойы тұрақты базалық электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаны іске асыру отандық өнеркәсіпті дамытуға, озық технологияларды енгізуге және жоғары білікті кадрларды даярлауға қосымша мүмкіндіктер береді.

АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және елдің технологиялық егемендігін нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

Алғашқы АЭС құрылысы жобасын іске асыру барысында жергілікті қамтуға – қазақстандық кәсіпорындарды, мамандарды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді барынша тартуға ерекше назар аударылады. Алғашқы АЭС құрылысы отандық өнеркәсіпті дамытуға, жаңа өндірістер мен технологияларды игеруге, сондай-ақ атом энергетикасын одан әрі дамыту үшін ұлттық құзыреттерді қалыптастыруға серпін беруге тиіс", - делінген агенттік хабарламасында.

Қазақстанда алғашқы АЭС салына бастайды: құжатқа қол қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram