jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

31-арна бейнесін өзгертуде: телеарнаның жаңа визуалды стилі қандай болмақ

31-арна
Фото: 31-арна

Алдағы күзге 31-арна көрермендеріне жағымды тосынсыйлар әзірлеп отыр. Жаңа теледидар маусымына қарай ол елеулі өзгереді, деп хабарлайды телеарна өкілдері.

Еліміздің топ-5 телеарнасына кіретін және республиканың барлық аумағында хабар тарататын Қазақстанның көне жекеменшік телеарналарының бірі логотипін, эфирлік безендірілуін және көрнекі стилін жаңартуда.

Дегенмен арнаның әдеттегі бейнесі толығымен жоқ болып кетпейді. Жаңа дизайн 31-арнаны заманауи талаптарға бейімдеп, көрермен көптеген жылдар бойы танып қалған дүниелерді сақтап қалады.

Эфирге деген көзқарас та өзгермейді: арна әлі де отбасылық мазмұнға, күшті отандық және шетелдік киноға, үздік анимацияға, әртүрлі сериялық желіге және өзіндік өндірістің басқа бағдарламаларына ставка жасамақ.

Логотип
Логотип: 31-арна

Арнаның флагмандық жобасы – "Информбюро" жаңалықтары да визуалды түрде жаңарады.

Басты өзгеріс – жаңа логотип. "31" саны қалады, бірақ фирмалық белгінің өзі үйлесімді әрі үндес, жеңіл әрі жинақы болады. Онда қазақ ою-өрнегінің мотивтері – "құс қанаттары" пайдаланылған. Бұл элемент логотипке екпін қосып, ұлттық мәдениетке жақындата түседі. Қолтаңба түсі өзгеріп, нақтыланды – жарқын реңктің орнына ол тереңдік пен заманауи эстетикаға ие болды.

Слоган да жаңармақ, оның өзегін бала кезімізден естіп өскен қарапайым "аман бол", "бақытты бол", "сүйікті бол", "жақын бол", мықты бол" деген қазақи тілектер құрамақ. Бұл туыстар мен достарға арналған қысқа, шын жүректен айтылатын ізгі тілектер. Айтылар орнына орай тілектер жылы интонацияны сақтай отырып, өзгере береді.

"31-арна көптеген жыл бойы елдегі ең танымал телеарналардың бірі болып келеді және солай қала береді. Осы уақыт ішінде аудитория да, теледидар көру әдебі де, теледидар нарығының өзі де өзгерді. Сондықтан біз үшін рестайлинг – арнаның визуалды тілін жаңарту, оны заманауи ету. Сонымен қатар бұл – арнаның танымалдылығын арттыру және көрерменнің бізді не үшін таңдайтындығын сақтап қалу мүмкіндігі. Біз осы мақсатта өз өндірісімізді күшейтіп, қазақстандық контентті көбірек дайындаудамыз", - деп атап өтті 31-арнаның бас директоры Айгүл Ақсамбиева.

Телеарнаның жаңартылған стилі қазақстандық MOVATORS idea farm агенттігімен бірлесіп әзірленді.

31-арна бейнесін өзгертуде: телеарнаның жаңа визуалды стилі қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram