jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Атыраулық жастарға президенттің кітабы тарту етілді

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырауда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" атты кітабының тұсаукесері өтті. Жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, басқосуға жетекшілік етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жиынға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, тарихшылар, философтар, әдебиеттанушылар, профессор-оқытушылар мен жастар қатысты. Кездесуде жинақтың мазмұны талқыланып, мемлекет басшысының әр жылдары айтқан ой-тұжырымдарының қазіргі қоғамдық үдерістермен сабақтастығы айтылды.

"Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" жинағына тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бергі баяндамаларда, мақалаларда, сұхбаттар мен кітаптарда айтылған ойлар енгізілген. Еңбекте мемлекеттілікті нығайту, әділеттілік пен заң үстемдігі, білім мен ғылым, ұлттық құндылықтар, тарихи сана, мәдениет, тіл мен руханият, сондай-ақ ұрпақ тәрбиесі секілді маңызды тақырыптар қамтылған.

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жиында Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов кітаптың ерекшелігі президенттің әр жылдары айтқан ойларының өзара сабақтастығын көрсетуінде екенін атап өтті. Оның айтуынша, еңбекте жастарға қатысты ойлардың қамтылуы да маңызды. Себебі елдің ұзақ мерзімді дамуы білімді, еңбекқор әрі жауапты жас буынға байланысты.

Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы Әлия Дәулетбаева жинақтағы мәдениет пен ұлттық құндылықтарға қатысты ойларға тоқталды.

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

"Бұл – адам сапасын көтеруге, қоғамды сауықтыруға бағытталған жинақ. Мемлекет басшысы ұлттық мәдени кодты сақтау мәселесіне ерекше мән береді. Ұлттың болмысын айқындайтын тіл, әдебиет, тарих, дәстүр мен мәдениет – қоғамның рухани тірегі. Сондықтан елдің жаңғыруы ұлттық құндылықтардан ажырамауы керек. Мәдениеті жоғары, тарихи санасы қалыптасқан, ұлттық құндылықтарын бағалайтын азамат қана қоғамның сапалы дамуына үлес қоса алады", - деді Әлия Дәулетбаева

Басқосуда Атырау облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер, қоғам белсендісі Нұрлан Қайрденов және "Жастар рухы" жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы да кітапта көтерілген мәселелер жөнінде пікір білдірді.

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жиын соңында облыстағы жастар ресурстық орталықтарының басшыларына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" жинағы табысталды.

Атыраулық жастарға президенттің кітабы тарту етілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram