jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыдағы электр желілеріндегі ақаулар көлік қозғалысына әсер етпек: қай көшелер жабылады

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда Центральная және Талды көшелерінде көлік қозғалысына бір аптадан астам уақытқа шектеу қойылады. Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Almaty Joly Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, Алматыда 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

"Шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылы 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінің Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі", - дейді "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары айтты.

Копмания мәліметінше, жұмысты жүргізу қажеттілігі №2353 және №2363 220 кВ электр беру желілерінің зақымдануына байланысты туындаған. Соның салдарынан Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ететін 220 кВ желінің сақиналы сызбасы бұзылған.

"Электрмен жабдықтаудың сенімді сызбасын қалпына келтіру үшін "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары Центральная және Талды көшелері маңындағы зақымдалған кабель учаскесінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын қысқа мерзімде жүргізуі қажет", - делінген компания хабарламасында.

Жұмыстардың ерекшелігіне байланысты аталған аумақта жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібі уақытша өзгереді.

"Жұмыс барлық қажетті қауіпсіздік шараны сақтай отырып, тәулік бойы жүргізіледі. "АЖК" АҚ мамандары жұмыстарды жедел аяқтап, көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеу мерзімін барынша қысқарту үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары технологиялық ақаудың одан әрі өршуіне жол бермеуге және Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын электрмен жабдықтаудың сенімді сызбасын қалпына келтіруге бағытталған.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, қажетті жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп қосты компания мамандары.

Жол сызбасы
Жол сызбасы. Фото: t.me/AlmatyJoly

Алматыдағы электр желілеріндегі ақаулар көлік қозғалысына әсер етпек: қай көшелер жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram