jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында емен ағашының бір бөлігі заңсыз кесілді

Кесілген емен
Кесілген емен: Куәгер фотосы

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында орналасқан мейрамхананың жанындағы емен ағашы санитарлық кесу кезінде зақымданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, Қазыбек би көшесі, 43 мекенжайы бойынша емен ағашын санитарлық кесуге рұқсат берілген.

Бұл жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілуге тиіс еді. Басқарма өкілдері ағаштың мейрамхана ғимаратына іргелес аумақта өсіп тұрғанын атап өтті.

"Кейін ағаштың зақымданғаны туралы ақпарат түсті. Осыған байланысты оқиға орнында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ағаштың зақымданғаны расталды. Ағаштың бір діңі ішінара кесілгені анықталды.

Осыған байланысты, өз құзыретіміз шеңберінде ағаш қурап қалған жағдайда оны жүз еселенген мөлшерде қалпына келтіру туралы кепілдік хат алынды. Сондай-ақ тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар Медеу аудандық полиция басқармасына жолданды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында емен ағашының бір бөлігі заңсыз кесілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram