jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

37 жыл бұрын анасынан айырылған жамбылдық әйел сотқа жүгінді

Мүгедек арбада отыр
Көрнекі фото: 1001.ru

Байзақ аудандық соты 37 жыл бұрын анасынан айырылған әйелдің арызын қанағаттандырды. Осылайша оған асыраушысынан айырылғанына байланысты жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство хабарлауынша, талап қоюшының анасы 1989 жылы қайтыс болған, ал өзі бала кезінен 2 топтағы мүгедектігі бар тұлға. Анасы қайтыс болғанға дейін талап қоюшы оның асырауында болған, себебі өзі жұмыс істеуге жарамаған.

Талап қоюшы департаментке асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтінішпен жүгінгенімен, оның өтініші қанағаттандырылмаған. Бұл шешіммен келіспеген талап қоюшы сотқа жүгінді. Сот жүргізген татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

"Тараптардың келісімге келуіне байланысты талап қоюшы талаптардан бас тартты, ал сот медиация шарттарын бекітіп, әкімшілік талап қою арызды қайтарды. Сонымен қатар талап қоюшыға мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

37 жыл бұрын анасынан айырылған жамбылдық әйел сотқа жүгінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram