jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Құмкөлге - 40 жыл": Қызылорда облысында Мұнайшылар күні аясында салтанатты шара өтті

Қызылорда облысындағы салтанатты шара
Қызылорда облысындағы салтанатты шара. Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Мұнайшылар күні аясында "Құмкөл" кен орнының өнеркәсіптік игерілуінің 40 жылдығына арналған "Құмкөл: Қара алтын шежіресі" атты салтанатты шара өтті.

Аймақ басшысы мұнай саласының ел экономикасындағы маңызын атап өтіп, мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Мұнай-газ саласы – экономикамыздың тірегі, еліміздің қарқынды дамуының кепілі. Мемлекет әрқашан энергетика саласының әлеуетін арттыруға, жаңа кен орындарын игеруге және сала жұмысшыларының мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөледі", деп атап өткен болатын.

Қызылорда облысындағы салтанатты шара
Қызылорда облысындағы салтанатты шара. Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруда Қызылорда облысындағы мұнай компанияларының, онда еңбек ететін мұнайшылардың үлесі зор", – деді Мұрат Ергешбаев. "Құмкөл" кенішін игеру туралы шешім осыдан қырық жыл бұрын қабылданып, кен орны өңірдегі өндірістің өзегіне айналды. Облыс мұнайлы аймаққа айналу жолында қалыптасу, даму кезеңдерінен өтті.

Қызылорда облысындағы салтанатты шара
Қызылорда облысындағы салтанатты шара. Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты шарада "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, "CNPC Central Asia" және "CNPC Kazakhstan" компанияларының бас директоры Ян Миньюй, "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ президенті Чэнь Даю құттықтау сөз сөйледі.

Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен өндірістік қызметтегі жоғары жетістіктері үшін сала мамандары мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды.

Қызылорда облысындағы салтанатты шара
Қызылорда облысындағы салтанатты шара. Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда, мұнайшыларға мемлекеттік, ведомстволық наградалар мен "Құмкөл" кен орнының 40 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табысталды.

Өңірде мұнай компанияларының қолдауымен әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асуда. "ҚазГермұнай" компаниясының демеушілігімен "Оқушылар сарайы", "Саутс Ойл" компаниясының қолдауымен музыкалық колледж ғимараты жатақханасымен бірге салынды.

Ал "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ жыл сайын қайырымдылық шараларына 150 млн теңгеден астам қаржы бөліп келеді.

Қызылорда облысындағы салтанатты шара
Қызылорда облысындағы салтанатты шара. Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа кеніштерді анықтау мақсатында шөгінді бассейндерді зерделеу қарастырылған. Арал шөгінді бассейнінде геологиялық зерттеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталып, шамамен 1,1 млрд. тонна көмірсутек қоры анықталды.

Ал Сырдария шөгінді бассейнін зерттеу жалғасуда. "СаутсОйл" компаниясы тақтатас мұнайын дәстүрлі емес тәсілмен өндіру үшін дайындық жұмыстарын бастады.

"Құмкөлге - 40 жыл": Қызылорда облысында Мұнайшылар күні аясында салтанатты шара өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram