jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыдағы даңғылдардың бірі бірнеше түн қатарынан жабылады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: DmyTo/iStock/Getty Images Plus

Алматыдағы Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше түн көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 5-9 қыркүйек күндері сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Бұл аралықта жолға жаңа асфальтбетон жабыны төселеді.

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта жүргізушілерге арналған ескерту белгілері орнатылады. Жұмыс кестесі ауа райына немесе өндірістік қажеттілікке қарай өзгеруі мүмкін.

Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Telegram-дағы @AlmatyJoly арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" сервистерінде жарияланады.

Алматыдағы даңғылдардың бірі бірнеше түн қатарынан жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram