jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Ұшақтарға лазер бағыттаған": Алматыдағы видеоға қатысты полиция пікір білдірді

Лазер
Лазер бағыттау сәті. Кадр: t.me/halyqstan

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде тараған видеоны талқылап жатыр. Онда белгісіз біреудің Алматы үстімен ұшып бара жатқан ұшақтарға лазер бағыттағаны көрінеді, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

Алматы үстімен ұшып бара жатқан ұшақтарға әлдебіреу лазер сәулесін бағыттаған сәтінен видеоны Halyqstan Telegram-арнасы жариялады.

Көліктегі полиция департаменті NUR.KZ тілшісінің сауалына жауап беріп, Алматыда ұшақ пилоттарының жұмысына лазермен кедергі келтіру фактілері тіркелмегенін хабарлады.

"Әуе компаниялары мен азаматтардан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Мұндай әрекеттер жүздеген адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 352-1-бабында лазерлік құрылғыларды немесе пилотсыз ұшу аппараттарын әуе кемесіне бағыттау арқылы әуе кемесін басқаруға бөгеуіл жасағандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

Мұндай қылмыс үшін ең жоғарғы жаза – 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

"Ұшақтарға лазер бағыттаған": Алматыдағы видеоға қатысты полиция пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram