"1 сыныпта 47 оқушы": Астанадағы мектептің ата-аналары наразылық білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана қаласы Есіл ауданындағы №95 мектепте бірінші сыныптарының бірінде 47 оқушы бар. Қалалық білім басқармасы бұған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желі қолданушылары Астанадағы №95 мектептің бірінші сыныптарының біріндегі оқушылар санына назар аударды. Жарияланым авторының айтуынша, онда 47 бірінші сынып оқушысы білім алып жатыр.
"№95 мектеп. Есіл ауданы. 1-сынып. Сыныпта 47 оқушы бар. Бұл не деген бассыздық? Бұл балалар қалай оқиды?!", - деп жазды қолданушы Threads желісінде.
Астана қалалық білім басқармасы оқу жылы басталғаннан кейін де мектепке оқушыларды қабылдау жалғасып жатқанын түсіндірді. Осыған байланысты оқушылар саны артқан.
"Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін мектепке оқушыларды қабылдау жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Соған байланысты оқушылар саны көбейді. Бүгінгі таңда оқушылар санының артуына байланысты жаңа сыныптар ашылды", - деп мәлімдеді білім басқармасы.
Ведомство өкілдері аталған мектеп оқушы саны көп білім беру ұйымдарына жатпайтынын атап өтті.
"Аталған мектеп оқушылар саны жоғары білім беру ұйымдарының қатарына жатпайды", - делінген Астана қалалық білім басқармасының пікірінде.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424221-1-synypta-47-oqushy-astanadagy-mektepting-ata-analary-narazylyq-bildirdi/
