Қостанай облысында тағы бір жасөспірім токқа түсті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қостанай облысында жасөспірім теміржол бойында токқа түсті. Көлік полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"ҚазАқпарат" мәліметінше, 2013 жылы туған оқушы Қостанайдағы теміржолда ауыр электр жарақатын алған. Ол достарымен бірге Рудный қаласынан облыс орталығына келген. Қазіргі уақытта жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр.
Көлік полициясы департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне аталған дерек бойынша пікір білдірді. Ведомство дерегінше, 4 қыркүйекте Қостанай станциясындағы көлік полициясы бөлімі теміржол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424225-qostanai-oblysynda-tagy-bir-zhasospirim-tokqa-tusti/
