jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

PISA-2025: қазақстандық оқушылардың 80 пайызы мектепте жасанды интеллект көмегіне жүгінеді

жасанды интеллект
ЖИ. Көрнекі сурет: pixabay.com

ЭЫДҰ PISA-2025 халықаралық зерттеуінің нәтижелерін жариялады. Қазақстанда зерттеуге 643 білім беру ұйымынан 22 680 оқушы қатысты. Жалпы зерттеу 91 ел мен аумақтағы 760 мыңнан астам 15 жастағы білім алушыны қамтыды, деп жазады Baq.kz.

PISA-2025 аясында алғаш рет "Цифрлық әлемде білім алу" бағыты енгізілді. Нәтижеге сәйкес, қазақстандық оқушылардың 80%-ы сабақта жасанды интеллект көмегімен жасалған контентпен жұмыс істейді. ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіш – 63%. Сондай-ақ оқушылардың 85%-ы цифрлық құрылғыларды пайдалануға қатысты арнайы ұсынымдар қолданылатын мектептерде білім алады.

Қауіпсіз білім беру ортасы бойынша да Қазақстанның көрсеткіштері жоғары. Оқушылардың 77%-ы буллингке тап болмайтынын айтқан, ал ЭЫДҰ бойынша бұл көрсеткіш – 53%. Оқушылардың 71%-ы мектеп оларды болашақ өмірге қажетті деңгейде дайындайды деп есептейді.

Педагогтердің қолдау индексі Қазақстанда 0,65, ЭЫДҰ бойынша 0,03 болды. Оқушылардың өзара білім алу көрсеткіші тиісінше 87% және 51%.

Негізгі білім көрсеткіштері бойынша қазақстандық оқушылар жаратылыстанудан 420 балл, математикадан 414 балл, оқу сауаттылығынан 385 балл жинады. Жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша нәтиже PISA-2022 деңгейінде сақталған.

Зерттеу қорытындысы өңірлер мен мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту, оқушылардың базалық білімі мен дағдыларын нығайту және оқыту сапасын одан әрі арттыру қажеттігін көрсетті.

PISA-2025: қазақстандық оқушылардың 80 пайызы мектепте жасанды интеллект көмегіне жүгінеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram