Алматыдан Лондонға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Франкфуртке қонды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртке қонды. Ондаған жолаушыға әуежайдың транзиттік аймағынан шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әуе компаниясына сілтеме жасап.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы - Лондон бағытындағы KC663 рейсін орындаған Airbus A321 әуе кемесі Франкфурт әуежайына бағытталды. Бұған британиялық әуежайдың жабылуы себеп болды.
Әуе кемесінің бортында 138 жолаушы болды.
"Өкінішке қарай, Лондонның Хитроу әуежайы түннің соңына дейін жабық күйінде қалады, осыған байланысты Air Astana әрі қарайғы ұшуды тоқтатуға мәжбүр. KC663 рейсінің ұшуы келесі күннің таңына сағат 11:30-ға (UTC) шегерілді", - делінген хабарламада.
Жолаушылардың ішінде 67 адамның жарамды Шенген визасы жоқ, сондықтан олар Франкфурт әуежайының транзиттік аймағында қалуға міндетті. Барлық жолаушыларға күту уақытында тамақ пен салқын сусындармен қамтамасыз етілуі үшін әуежайда тамақтануға арналған ваучерлер берілген.
"Әуекомпанияның жерүсті қызметтері мен өкілдері қалаға шығуға құқығы бар жолаушыларды қонақүймен қамтамасыз ету, сондай-ақ күтпеген кідіріс жағдайында қажетті тамақпен, сусындармен және қолдау көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істеуде", - , - деп мәлімдеді әуе компаниясының өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424898-almatydan-londonga-ushyp-shyqqan-air-astana-ushagy-frankfurtke-qondy/
