jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда 2027 жылдан бастап отшашу мен петардаларды атуға қай жерде тыйым салынады

Отшашу.
Отшашу. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

2027 жылдан бастап Алматының арнайы экологиялық талаптар қойылатын аймағында отшашу мен петардалар атуға тыйым салынады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2027 жылғы 8 қаңтардан бастап төмен эмиссиялы аймақ (LEZ) аумағында атмосфералық ауаны қорғау ережелерінің жекелеген талаптары күшіне енеді. Оның ішінде азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды қолдануға шектеу қойылады.

"Тиісті талап 2025 жылғы 30 желтоқсанда қалалық мәслихат шешіміне сәйкес, бекітілген Алматының атмосфералық ауаны қорғау ережелерінің 51-тармағында қарастырылған.

Құжатқа сәйкес, аталған аймақ аумағында азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды қолдануға рұқсат етілмейді. Бұл халық арасында еркін сатылымда жүрген петардалар, отшашулар, салюттер және басқа да пиротехникалық өнімдерге қатысты", - деп нақтылады әкімдік өкілдері.

Бұл талаптардың күшіне енуі тыйым бүкіл Алматы аумағында автоматты түрде қолданылатынын білдірмейді, дейді әкімдіктегілер.

Оны іс жүзінде қолдану үшін төмен эмиссиялы аймақтың шекаралары белгіленуге тиіс.

"LEZ шекаралары Алматы әкімдігінің жеке қаулысына сәйкес бекітіледі. Ол қабылданғаннан кейін азаматтардың пиротехникалық бұйымдарды пайдалануына қойылған шектеу белгіленген шекара шегінде әрекет етеді.

Осылайша, 2027 жылғы 8 қаңтардан бастап Ереженің тиісті тәртібі күшіне енеді, ал оның нақты қолданылуы төмен эмиссиялы аймақтың шекарасын бекітуге байланысты болады", - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Бұдан бөлек атмосфералық ауаны қорғау ережелері ластану деңгейін төмендету бойынша басқа да шараларды қарастырады.

Олар автокөліктерге, қатты және сұйық отынды пайдалануға, сондай-ақ жекелеген нысандар мен шығарындылар көздеріне қойылатын экологиялық талаптарға қатысты.

Алматыда 2027 жылдан бастап отшашу мен петардаларды атуға қай жерде тыйым салынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram