Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі қайта жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына тағы да шектеу қойылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Almaty Joly-на сілтеме жасап хабарлады.
Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бірнеше учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
9 қыркүйек сағат 22:00-ден 10 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Кәрімов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылады.
Сонымен қатар осы уақыт аралығында Саин көшесінің шығыс жағындағы, Metro гипермаркетінің маңында, Д.А. Қонаев атындағы колледжге қарама-қарсы учаскеде шығыс бағыттағы көлік қозғалысы шектеледі.
"Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ескерту белгілері орнатылады. Жол қозғалысына қатысушылардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2425350-almatyda-tole-bi-koshesining-bir-boligi-qaita-zhabylady/
