jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды
Фото: gov.kz

Жетісуда облыстық маңызы бар "Талдықорған - Үштөбе" автожолының орташа жөндеуі аяқталды. Облыстық маңызы бар бұл жолдағы жөндеу рекордтық қысқа мерзімде – жоспардан екі ай бұрын аяқталды, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс құрылғалы бері негізгі күрежолдар – Достыққа, Қорғасқа, Лепсіге, яғни Балқаш көліне, Қаратал ауданының ең шалғай нүктесі – Көпбірлікке, енді оған қоса Үштөбе қаласына дейінгі жолдар жасалды. Текеліге апаратын жолды жөндеу жобасы жасалып жатыр.

Осылайша Талдықорғанды аудан орталықтарымен байланыстыратын барлық жол жөнделіп бітеді.

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды
Фото: gov.kz

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Талдықорған мен Үштөбе қалаларының арасын жалғайтын 42 шақырымдық жолды жөндеу туралы тапсырманы облыс әкімі Бейбіт Исабаев өткен жылы болған Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесуінде берген. Соған сәйкес осы жоба қолға алынып, оны іске асыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлінген.

"Жол жөндеу жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталды. Сараптаманың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары 14 ай жүргізілуі керек болған, яғни қараша айында бітуі керек еді, дегенмен қарқынды жұмыстың арқасында жоба мерзімінен бұрын аяқталып отыр.

Мұндағы 42 шақырымның 27 шақырымы – бұл Үштөбе қаласынына шығаберісте Жаңаталап ауылының бұрылысынан басталып, екі қабат асфальт жамылғысымен жасалды, оған қоса жолдың негізін түзету жұмыстары жүргізілді.

Қалған 15 шақырымында жолдың негізі дұрыс болғандықтан, бір қабат асфальт жамылғысы жүргізілді. Сөйтіп асфальттау жұмыстарын қыркүйек айының басында аяқтап отырмыз. Қазір жол жиектерін реттеу жұмыстары 50% аяқталды. Осы айдың аяғына дейін жолды эксплуатацияға қабылдайтын боламыз", - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды
Фото: gov.kz

Сондай-ақ 13 жерден су өткізгіш құбырлары ауыстырылды, 4 жерде бағдаршам орнатылды, 4 аялдама жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар жол бойындағы жол таңбалары термопласт материалымен жасалуда. Әдеттегі жол таңбалары үш айға жарамды болса, бұл материал одан әлдеқайда ұзақ қызмет етеді дейді мамандар.

Техникалық қадағалау мекемесі өкілдері жұмыстың жол негізінен бастап асфальт төсеуге дейінгі барлық процесі бастан аяқ қадағаланғанын және бекітілген сметаға сәйкес жасалғанын айтады.

"Талдықорған - Үштөбе" автожолының бойында орналасқан Ескелді ауылының тұрғындары жолдың жөнделгеніне риза.

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды
Фото: gov.kz

"Өзім Ескелді ауылында ұзақ жылдан бері тұрып келемін. Жол қатынасы біз үшін ең маңызды мәселенің бірі болатын. Қазір жолымыздың жаңаланып, ары-бері қатынастың қолайлы бола түскені бізді қуантып отыр. Аялдамамыз да жөнделді. Ауылда балалар ойын алаңы жасалды. Ауылымыз бірте-бірте көркейіп келеді", - деді ауыл тұрғыны Патигүл Сайранова.

Жалпы, жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында қабылданған шаралардың арқасында жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі облыстық маңызы бар жолдардың үлесі 97 пайызға жуықтады.

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды
Фото: gov.kz

Атап өтсек, биыл облыста 370 шақырымға жуық автомобиль жолы жөнделуде. Сонымен қатар өңірдің 38 елді мекенінде 230-ға жуық көше жолдары жөнделу үстінде.

Жетісуда Талдықорған мен Үштөбені жалғайтын жол жаңартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram