jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Әйгілі "Айгүл" ансамблін құрған": Алматыда әнші-композитор Ағайша Исағұлованың денесі жер қойнына тапсырылды

Ағайша Исағұлова
Ағайша Исағұлова. Кадр видеодан: КТК телеарнасы

81 жасында келместің кемесіне мінген әнші-композитор, профессор Ағайша Исағұлованы бүгін жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды. Әйгілі "Айгүл" ансамблінің негізін қалаған марқұммен қоштасу өзі жылдар бойы еңбек еткен Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимаратында өтті. Ағайша Исағұлова бар ғұмырын өнерге, шәкірт тәрбиелеуге арнаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің алаңында бүгін ине шаншар орын болмады. Ағайша Исағұлова осы оқу орнында 55 жыл шәкірт тәрбиелеген. Университет жанынан құрылған әйгілі "Айгүл" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі. Арқалы әнші өле-өлгенше өнерден алыстаған жоқ.

"Шығармашылығының ең шыңы көкпар деп ойлаймын. Көкпар әні туған кезде мен оның қасында болдым. Екі корпустың арасында келе жатқанда миыма құйылды деді қайырмасы. Содан айтып келе жатырм, айтып келе жатырм шықты деді. Бір сөзінде, бір әнінде өзгерткен жоқпын шықты деді. Тыңдадым ғажап, ғажап ән", - дейді шәкірті Галина Қарамолдаева.

Көкпарлатып ән салған Ағайша Исағұлованың дәл осындай рухты әндері иісі қазақтың делебесін қоздырып, талайға қанат бітірді. Ол 80-ге жуық әннің авторы. Қаралы жиынға сол туындыларды шырқап жүрген әріптестері де келді. Олар марқұмның еңбегі кеш еленді деп налиды. Жаңадан алған пәтерінде тұрып үлгермегені де көңілге қаяу түсіреді.

Ағайша Исағұлованың орындауындағы 250-ден астам ән "Қазақ" радиосының "Алтын қорында" сақтаулы. Ол көзі тірісінде Венгрия, Польша, Чехия, Болгария, Германия, Ресей елдерінде қазақ өнерін насихаттап, жеке ән кештерін өткізді. "Айгүл" ансамблімен де талай жерде өнер көрсетті.

Әнші туралы замандастары не дейді

Сұлушаш Нұрмағамбетова, әнші:

"Ұзақ жылдарға дейін шынында да еленбей келді да, міне осы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерін алғанына 4-5-ақ жыл болды-ау дим. Оны баяғыда беретін еді ғой. Бізде енді сондай енді. 33:41 Күні кешеге дейін мені кейде өзі звондап данышпаным, кемеңгерім деп мені еркелететін. Енді сөйтіп кім айтады деп көңілім қатты босап жүр".

Сайлаубай Тойлыбаев, ақын:

"Тек қана бір өкініштісі жаңадан алған пәтеріне ең болмаса бір күн болса да, екі күн болса да аунап-қунап жатуы керек еді. Бірақ оны Алла жазбады. Тек қана сазгер емес, әншілігі бар, өнерлелегі бар, қасиеті бар, арқасы бар, соның арқасында елдің алдында, халықтың алдында керемет әндерін жариялады".

Гүлнар Беғалиева, "Айгүл" ансамблінің мүшесі:

"Айгүл" квартетінің араламаған жері жоқ. Шетелдердің бәрінде болдық. Москвада болдық. Түркияда болдық. Барлық елде болдық. Ағайшаның еңбегі орасан зор айналайын. Баянда керемет шырқап ән айтқанда халықтың барлығы риза болып, сахнадан жібермейтұғын".

Дереккөз: КТК телеарнасы.

"Әйгілі "Айгүл" ансамблін құрған": Алматыда әнші-композитор Ағайша Исағұлованың денесі жер қойнына тапсырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram