jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыдағы Медеубеков көшесінің бір бөлігі төрт жолақты болып кеңейтіледі

Алматы
Алматы. Фото: NUR.KZ

Алматыда Медеубеков көшесін қайта жаңарту жобасы дайындалып жатыр. Жол бөлігі төрт жолаққа дейін кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы, веложолдар және жарықтандыру жүйесі орнатылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Медеубеков көшесінің Абай мен Райымбек даңғылдары арасындағы бөлігін қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық мәслихат отырысында Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Олжас Шабданов мәлімдеді.

"Медеубеков көшесін Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі аралықта қайта жаңарту жобасы қарастырылған. Жалпы ұзындығы 3,3 километр болатын жол бөлігі төрт жолаққа дейін кеңейтіледі. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен веложолдар, көше жарықтандыруы және жол қозғалысын ұйымдастырудың заманауи құралдары қарастырылған", - деді Олжас Шабданов.

Оның айтуынша, қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақ жасау мүмкіндігі көлік модельдеу кезінде қарастырылады.

"Бұл көшені кеңейту Абай даңғылымен, сондай-ақ салынып жатқан Төле би және Жұбанов көшелерінің жалғастырлып салынып жатқан тұстарымен магистральдық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Рысқұлов даңғылына дейін ұзарту әзірге жоспарда жоқ", - деп қосты ол.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бұл учаскенің бұған дейін облыс қарауында болғанын атап өтті.

"Біз жолды қаланың балансына беруді сұрадық. Енді оны кеңейту мен күтіп ұстауды өз қаржымыздың есебінен жүзеге асырамыз", - деді ол.

Ол Абай мен Рысқұлов даңғылдарының, Тілендиев пен Саин көшелерінің жалғасы бойынша да мәлімет берді.

"Біз жолды қала шекарасына дейін жеткіземіз, ал одан әрі қарай жұмыстар жүргізілмейді. Сондықтан біз бұл учаскелерді өз қарамағымызға алып, БАКАД-қа дейін жеткіземіз. Бұл жұмыстар қалаға бірінші кезекте қажет болғандықтан, қалалық бюджет есебінен аяқталады", - деп түйіндеді ол.

Алматыдағы Медеубеков көшесінің бір бөлігі төрт жолақты болып кеңейтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram