Түркістан әуежайында ұшақ көкке көтеріле алмады: себебі белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түркістан әуежайында ұшақ техникалық ақауға байланысты көкке көтеріле алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Telegram-дағы Kozachkov offside арнасының мәліметінше, кеше Түркістан әуежайынан Астанаға Ұлттық ұланның ұшағы ұшып шығуға тиіс еді. Бортта 6 экипаж мүшесі мен 59 әскери қызметкер болған.
"Техникалық ақау анықталды, яғни, қозғалтқыштардың бірі істен шықты. Бұл жағдай ұшақ көкке көтерілер кезде болған болуы мүмкін. Салдарынан автоматты тежеу жүйесі іске қосылып, ұшақтың шассиінен өрт шықты. Әуежайдың өрт сөндіру қызметі өртті жедел сөндірді. Оған 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері шақырылған жоқ", - делінген жазбада.
Әуе кемесі ұшу-қону жолағында қалып қойғандықтан, бірнеше рейс кешікті. Ұшақты арнайы техниканың көмегімен алып тастауға тура келді.
NUR.KZ тілшісі Көліктегі полиция департаментіне хабарласып, түсінік беруді сұрады. Ведомство оқиғаның 11 қыркүйекте болғанын растады.
"Түркістан әуежайының ұшу-қону жолағында әуе кемелерінің бірінде техникалық ақау туындады. Қазіргі уақытта оны жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Зардап шеккендер жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2426594-turkistan-auezhaiynda-ushaq-kokke-koterile-almady-sebebi-belgili-boldy/
