jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Сотталғандардың ретсіз жүріп-тұруына жол бермеу": Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияда бақылау күшейтіледі

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Степногорск қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлінді. Оның ішінде Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан №5 мекеме де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында биыл Степногорск қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселесін шешкенін жеткізді. Бұл қаражат қаладағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.

Мәселен Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан №5 мекемеде қадағалау органы заманауи бейнедомофонды бақылау жүйесін енгізді. Егер сотталған адамға сыртқа шығу қажет болса, ол шақыру түймесін басады. Кезекші бөлімнің қызметкері бейнебайланыс арқылы оны сәйкестендіріп, шығу мақсатын нақтылайды. Тек растаудан кейін ғана есік ашылады, ал адам өткен соң есік автоматты түрде жабылады.

"Жүйе сотталғандардың бақылаусыз жүруіне жол бермеуге, өткізу режимін күшейтуге және қызметкерлер мен нысанның қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұған дейін YouTube-тегі арналардың бірінде Бишімбаевтың колонияда жоқ екендігі туралы ақпарат жарияланғанын хабарлаған едік. Сол кезде Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жағдайға қатысты түсініктеме беріп, сотталған адамның барынша қауіпсіз мекемеде жазасын өтеп жатқанын мәлімдеген еді.

Кейінірек Қуандық Бишімбаевтың адвокаты NUR.KZ тілшісіне өз қорғалушысының қазір қайда екенін және колониядағы ұстау жағдайлары туралы айтты.

Сондай-ақ сенат кулуарында бұрын ішкі іштер министрінің орынбасары болған депутат Марат Қожаевтан сотталған Қуандық Бишімбаевтың қайда және қалай отырғанын неге көрсетпейтінін сұралды. Қожаев ресми тұлғаларға сену керек екенін және сотталған адамның Степногорск қаласындағы барынша қауіпсіз колонияда жатқанын айтып, жауап берген.

"Сотталғандардың ретсіз жүріп-тұруына жол бермеу": Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияда бақылау күшейтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram