Астанада шетелдік тревел-блогермен болған жайт: полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада шетелдік тревел-блогермен бірге түскен видео желіде тарағаннан кейін екі әйел полицей ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін танымал тревел-блогер Haggagovic Астанада түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Кадрларда блогердің полиция қызметкерін көтеріп, айналдырғанын байқауға болады.
Бұл видео қазақстандықтар арасында түрлі пікір тудырды. Полиция өкілдері бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.
13 қыркүйекте Астана қалалық полиция департаменті тексеру нәтижелерін жариялады.
"Елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды", - делінген департамент хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2426855-astanada-sheteldik-trevel-blogermen-bolgan-zhait-politsiia-qyzmetkerleri-zhumystan-shygaryldy/
