jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

390 мың теңгеге сатып алған гауһар тасты сақинасы көңілінен шықпаған тұрғын ақшасын қайтарып алды

Сақина
Сақина. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Шымкент тұрғыны зергерлік дүкеннен құны 400 мың теңгеге жуық гауһар тасты сақина сатып алған. Алайда бұйым көңілінен шықпай, нәтижесінде оған ақшасы толық қайтарылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайтында хабарланғандай, Шымкент қаласының тұрғыны зергерлік дүкеннен құны 390 мың теңге тұратын гауһар тасты сақина сатып алған.

Алайда сатып алған тауары көңілінен шықпағандықтан, ол тұтынушылық құқықтарын қорғау мақсатында Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

Өтінішті қарау барысында департамент мамандары тұтынушы ұсынған құжаттарды зерделеп, ҚР заңнамасына сәйкес оның құқықтарын қорғау тәртібін түсіндірген.

Департамент мамандарының жәрдемдесуімен сатушының атына заңнамада белгіленген тәртіппен наразылық жолданған. Сондай-ақ сатушыға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілген.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тұтынушының талаптары қанағаттандырылған. Сатушы 390 000 теңге көлеміндегі қаражатты толық қайтарған.

390 мың теңгеге сатып алған гауһар тасты сақинасы көңілінен шықпаған тұрғын ақшасын қайтарып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram