"Шымбұлақтағы" аспалы жолдар 1 қарашаға дейін жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Шымбұлақ" тау шаңғы курортының әкімшілігі қазан айында профилактикалық жұмыстарға байланысты аспалы жолдардың жабылатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әкімшіліктің мәліметінше, 12 қазаннан бастап курортта жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы кезеңде аспалы жолдар қонақтар үшін уақытша жабық болады.
Жабылу мерзімдері:
- M1 "Медеу-Шымбұлақ" – 19 қазаннан 1 қарашаға дейін;
- K-1 – 19 қазаннан 1 қарашаға дейін;
- K-2 – 19 қазаннан 1 қарашаға дейін;
- KKD-4 – 12 қазаннан 1 қарашаға дейін.
Сондай-ақ әкімшілік Шымбұлақ шатқалындағы автожол инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарына байланысты 30 қарашаға дейін жабық болатынын ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2427639-shymbulaqtagy-aspaly-zholdar-1-qarashaga-deiin-zhabylady/
