jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ҚМА атынан жалған хат: қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді

Ноутбук алдында отырған адам
Ноутбук алдында отырған адам. Иллюстрациялық фото: Kmatta/Getty Images

Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа схеманы қолдана бастағаны туралы ескертілді – мемлекеттік органдарға Қаржылық мониторинг агенттігінің атынан жалған хаттар келіп түсуде, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, алаяқтардың ҚМА атынан жалған ресми хаттарды тарату дерегі әлі де тіркеліп жатыр.

"Мемлекеттік органға жолданған хатта қаскөйлер тексеру жүргізіліп жатқанын алға тартып, азамат туралы мәліметтерді, соның ішінде оның мінездемесі мен өзге де ақпаратты сұратқан.

Бұған дейін де алаяқтар осыған ұқсас тәсілді қолданған. Олар жалған хаттарды жібергеннен кейін азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырған. Түрлі сылтаумен азаматтардың жеке және банк деректерін алуға тырысқан немесе ақша бопсалаған", - деп мәлімдеді агенттік.

ҚМА ескертеді:

  • агенттіктің ресми хаттары тек белгіленген тәртіппен жолданады;
  • ҚМА қызметкерлері телефон арқылы банк шоттарының деректерін беруді немесе ақша аударуды талап етпейді;
  • құжатта логотип, мөр немесе қолтаңба бар екеніне ғана сүйеніп, оған сенуге болмайды;
  • күмәнді хат алсаңыз, оның шынайылығын агенттіктің ресми байланыс арналары арқылы тексеру керек.

"Бейтаныс адамдарға жеке және банк деректеріңізді бермеңіз, олардың нұсқауымен ақша аудармаңыз.

Күмән туындаған жағдайда ҚМА-нің 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (7172) 70-84-79 телефоны арқылы Кезекші бөлімге хабарласыңыз", - деп ескертеді агенттік өкілдері.

ҚМА атынан жалған хат: қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram