Ақтөбе қаласында "Жұмадағы жыр" әдеби алаңы өтті
Жарияланған күні:

Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 11 қыркүйекте Ақтөбе қалалық мәдениет сарайында жыр мен ән тоғысқан "Жұмадағы жыр" әдеби алаңы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Кеш барысында ақындар авторлық шығармаларын оқып, "Ақынға сыр" ашық микрофонында ой бөлісті.
"Поэтикалық дуэль" бөлімінде ақындар суырыпсалмалық өнері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Әдеби кештін көркін Қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары әсем әндерімен әрлеп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сондай-ақ Ақтөбеден шыққан ақындардың шығармалары көркемдеп оқылып, аға буын мен жас буын арасындағы рухани сабақтастық дәріптелді. "Жұмадағы жыр" – жыр сүйген жүректер тоғысатын, сөз өнері мен ән үндескен рухани алаң.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2427786-aqtobe-qalasynda-zhumadagy-zhyr-adebi-alangy-otti/
