jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторы іске қосыла ма

ұялы телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: pixabay.com

Цифрлық даму министрлігіне қарасты Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков үкіметте өткен брифингте ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті дамыту жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дамир Сейсембеков бүгінгі таңда Қазақстанда үш ұялы байланыс операторы бар екенін атап өтті.

"Бұл – халықаралық бенчмарк. Көрші елдерде екіден төртке дейін ұялы байланыс операторы бар. Катарлық инвестордың Tele2 компаниясын сатып алу мәмілесінен кейін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Оған сәйкес, біз жыл соңына дейін 5G лицензияларын бере алмаймыз және жаңа ұялы байланыс операторларын іске қоса алмаймыз. Әзірге бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ", - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, бүгінде қазақстандықтарда технологиялар тұрғысынан да (оның ішінде Starlink пен OneWeb бар), ұялы байланыс операторлары тұрғысынан да таңдау мүмкіндігі бар.

"Бізде нарықта үш ұялы байланыс операторы белсенді бәсекелесіп жатыр. Қазіргі уақытта төртінші операторды іске қосу немесе қоспау туралы айту орынсыз. Өйткені бізде белгілі бір шектеулер бар", - деп қосты ол.

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторы іске қосыла ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram