jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақмола облысындағы ауыл мектебінде 5 және 6-сынып оқушылары біріктірілген

Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысы Қонысбай ауылындағы мектепте бесінші және алтыншы сынып оқушылары біріктірілді. Алайда ата-аналардың наразылығынан кейін олар қайта бөлінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, желіде ата-аналар екі сынып оқушыларының біріктірілгені туралы жазба жариялаған.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мұндай тәжірибе бұрыннан бар екенін атап өтті. Ведомство өкілдерінің айтуына қарағанда, шағын жинақты ауыл мектептерінде екі-үш оқушысы бар сыныптар жиі кездеседі.

Оларды біріктірген кезде мұғалім сабақ жоспарын соған сай жасайды, яғни, сабақтың бір бөлігі бір сыныпқа тақырыпты түсіндіруге, ал екінші бөлігі екінші сыныпқа арналады.

Ал Зеренді аудандық білім бөлімі шағын жинақты мектептерде сынып-комплектілерді қалыптастыру нақты оқушылар саны мен қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып жүзеге асырылатынын мәлім етті.

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 97-тармағына сәйкес, шағын жинақты мектептерде біріктірілген сыныптарда, оның ішінде жас айырмашылығы 1-2 жыл болатын екі немесе үш сыныпты біріктіру арқылы әртүрлі жастағы оқушыларды оқытуға жол беріледі", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Дегенмен білім бөлімі оқушылардың ата-аналарының пікіріне құлақ асып, биылғы оқу жылында қосымша оқушылардың келуіне байланысты бұрын біріктірілген сынып-комплектілерді бөлу туралы шешім қабылдады.

"Оқыту жұмыс оқу жоспарына және тиісті сыныптардың білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру процесін ұйымдастыру және педагогикалық жүктемені бөлу мәселесі білім бөлімінің бақылауында", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Ақмола облысындағы ауыл мектебінде 5 және 6-сынып оқушылары біріктірілген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram