Air Astana өкілдері Дубаймен әуе қатынасын қашан қалпына келтіретінін айтты
Жарияланған күні:

Air Astana әуе компаниясы Қазақстан мен Дубай арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келтірілетінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Air Astana мәліметіне сүйенсек, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы - Дубай - Алматы және 2026 жылғы 2 қазаннан бастап Астана - Дубай - Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстер қалпына келеді.
Әуе компаниясы өкілдері қазанда ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаятынын айтады:
- Алматы - Дубай - Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін;
- Астана - Дубай - Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.
Алайда Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және қажет болғанда ұшу кестесін түзетуі мүмкін екенін ескертті. Компания өкілдері өзгерістер туралы жолаушыларды ертерек хабардар етуге уәде берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2428329-air-astana-okilderi-dubaimen-aue-qatynasyn-qashan-qalpyna-keltiretinin-aitty/
