jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Циклон жылжи бастайды": алдағы күндері Қазақстанда күн күрт бұзылады

Қолшатыр ұстаған қыз
Жаңбырлы күн. Иллюстрациялық фото: Stefano Madrigali/Getty Images

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді – циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, алдымен батыс өңірлерде күн бұзылады. Мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп болжанып отыр.

"Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауына, ауа температурасының төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан еліміздің батыс, кейін солтүстік өңірлеріне жаңбыр, найзағай және екпінді жел әкелетін циклон жылжи бастайды", - делінген хабарламада.

Ал оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтілмейді.

"Республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз, негізінен жылы ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.

"Циклон жылжи бастайды": алдағы күндері Қазақстанда күн күрт бұзылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram