"Шымкентте бойжеткен өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған": полиция не дейді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкентте телефон арқылы жанжал кезінде бойжеткен өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Қалалық полиция департаменті оның полицияға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, әлеуметтік желіде белгісіз қыздың ұялы телефон арқылы жанжал кезінде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған бейнежазба таралған.
Тексеру нәтижесінде оның Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталған.
"Аталған азаматшаның ішкі істер органдарына мүлдем қатысы жоқ және қазіргі таңда жұмыссыз.
Ол қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болып, қоғамдық тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп мәлім етті Шымкент ПД.
Полиция азаматтарға өзін мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, арнаулы атағы мен лауазымын заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2428533-shymkentte-boizhetken-ozin-politsiia-qyzmetkeri-retinde-tanystyrgan-politsiia-ne-deidi/
