jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіліп, үйдің шатыры қалпына келтіріледі

Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді
Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Тынышбаев көшесі, №1/1 мекенжайында орналасқан өрт болған үйдің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында шаһар басшысы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша қабылданған шешімдерді кеңінен түсіндіріп, тұрғындарға көрсетілетін қолдау шаралары мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлады Тараз қаласының әкімдігі.

Еске сала кетейік, биыл 10 қыркүйекте аталған мекенжайдағы барақ типтес 10 пәтерлі тұрғын үйдің шатыры өртенген болатын. Өрттің жалпы аумағы шамамен 250 шаршы метрді құрады.

Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді
Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 30 қызметкері мен 8 бірлік техникасы, сондай-ақ Апаттар медицина орталығының (ЦМК) 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар 2 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялап, қызыл жалын сағат 15:30-да толықтай оқшауланды. Тұрғын үйде барлығы 30 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған бала тұрған. Тілсіз жаудың салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді
Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Зардап шеккен тұрғындардың басым бөлігі туыстарының үйлеріне уақытша орналастырылған. Уақытша баспанаға мұқтаж болған 3 отбасының 2-еуі әлеуметтік мекемеге жатқызылса, 1 жанұя жасқа толмаған баласының болуына байланысты Отбасын қолдау орталығына жайғастырылды.

Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді
Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Қала әкімінің тапсырмасымен арнайы құрылған төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі кезектен тыс комиссия бірнеше күн бойы жан-жақты сараптама жүргізді. Комиссияның ұйғарымымен аталған көппәтерлі үйде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ оқыс оқиға салдарынан келтірілген залалдың мөлшері ескеріле отырып, зардап шеккен 10 отбасының әрқайсысына мемлекет тарапынан 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді
Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілді. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бұл қаражат тұрғындардың азық-түлік және күнделікті қажетті заттарын қамтамасыз етуіне бағытталған.

Сонымен қатар зақымданған тұрғын үйдің шатыры мен жабындысына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен қалпына келтірілетін болады. Оған қала әкімдігінің резервтік қорынан қаржы қарастырылып отыр.

Тұрғындар да өз кезегінде қиын сәтте жәрдем көрсеткен қала басшылығына шынайы ризашылықтарын білдірді.

"Өрт болған сәттен бастап қала әкімдігі тарапынан жағдайымызға түсіністікпен қарап, қажетті көмек көрсетіліп келеді. Осындай қиын кезде бізді назардан тыс қалдырмай, мәселемізді шешуге нақты қолдау білдірген қала әкіміне және барлық жауапты маманға алғысымызды білдіреміз. Әсіресе уақытша баспанамен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету және үйімізді қалпына келтіру бойынша қабылданған шешімдер біз үшін үлкен демеу болды", – дейді қала тұрғыны Үрбибі Болсынова.

Бұл бағыттағы жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қала әкімінің жіті назарында.

Таразда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіліп, үйдің шатыры қалпына келтіріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram