Байқоңырда қызы әкесін сотқа берді
Жарияланған күні:

Қызылорда облысында қызы алимент төлемейтін әкесін сотқа беріп, одан 21 жасқа толғанша алимент төлеп тұруын талап етті. Қос тарап өзара келісімге келді, деп хабарлайды Қызылорда соттары.
Ведомство дерегінше, Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Н.-ның жауапкер Ж-.дан алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
"Талап қоюшы өзінің талап қоюында жауапкер Ж. әкесі екенін, қазіргі таңда өзінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын, соған байланысты материалдық көмекке мұқтаж екенін, алимент бойынша араларында өзара келісімнің жоқтығын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін жауапкерден 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
Тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен аяқтау жөніндегі құқықтарын түсіндіру нәтижесінде, тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге келгенін көрсетіп, келісімді бекітуді сұраған", - делінген хабарламада.
Келісім шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 21 жасқа толғанға дейін ай сайын келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелген.️
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2428662-baiqongyrda-qyzy-akesin-sotqa-berdi/
