jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Атыраудағы ауа сапасы: министрлік мәлімдеме жасады

Экология
Фото: pixabay

Атырауда қыркүйектің бірінші және екінші онкүндігі аралығында Атырау қаласындағы атмосфералық ауа мониторингінің кей бекетінде ластаушы заттардың шоғырлануы туралы ақпарат тіркелді. Министрлік мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство дерегінше, соңғы бірнеше жылда Атырау ауаның ластану деңгейі бойынша "көшбасшылар" қатарында. Қала үшін күкіртті сутегі әсіресе өзекті.

"Атырау қаласындағы ауа жоғары деңгейде күкіртті сутегімен (H₂S) ластануы факторлар жиынтығына байланысты. Мұның негізгі көздері "Атырау облысы Су Арнасы" КМК кәріз объектілері, "Квадрат" булану алаңы, жылыту қазандықтары мен ЖЭО болып саналады. Желдің болмауы, түнгі уақыт және ластаушы заттардың таралу жылдамдығының төмен болуы сынды қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қосымша әсер етеді", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге биыл 8 қыркүйекте экология министрлігі Атырау облысының экология департаментімен бірге Атырау қаласындағы атмосфералық ауаның сапасына қатысты жоспардан тыс тексеру бастағанын хабарлады.

"Экологиялық кодекс талаптары шеңберінде ірі табиғат пайдаланушылардың бірқатар кәсіпорнында мониторингтің автоматтандырылған жүйелері орнатылған және деректер Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне беріледі.

Қолжетімді ең жақсы техниканы, кәсіпорындарда мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу, қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген ведомство хабарламасында.

Атыраудағы ауа сапасы: министрлік мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram