Қонаев қаласындағы құбырлардың 80 пайызы тозған
Жарияланған күні:

Қонаев қаласында инженерлік желілер жаңартыла бастады. Өйткені 60 жыл бұрын пайдалануға берілген құбырлардың 80 пайызы әбден тозған, деп хабарлайды "Жетінші арна".
Коммуналдық желілерді жаңғырту барысында 2,3 шақырымдық жылу және жалпы ұзындығы 8,5 шақырымдық ауызсу, кәріз құбырлары ауыстырылады. Бұл мақтасқа үкімет резервінен 1 млрд 700 млн-ға жуық теңге бөлінген. Айта кетейік, аталған жұмыстар "Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында жүріп жатыр. Сол себепті облыс орталығында ыстық су беру уақытша тоқтатылды.
"Қонаев қаласында 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде екі ұлттық жоба қарастырылған. Ұзындығы 2,3 шақырымды құрайды. Екі жобада да мердігер жұмыс істеп жатыр. Жұмысын 53%-ға аяқтады. Жылыту маусымына дейін аяқталады деп ойлап отырмыз", - дейді "Қонаев жылу орталығы" МКК директоры Ержан Шоқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2428704-qonaev-qalasyndagy-qubyrlardyng-80-paiyzy-tozgan/
