jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Степногорскіде 43 млн теңгеге жасалған жолдың сапасы сынға ұшырады

жол сапасы
Жол сапасын тексеру. Видеодан кадр: Жетінші арна

Ақмола облысының Степногрск қаласында іргесіне бетон құйылмаған жиектас пен жаяу жүргінші жолы сынға ұшырады, деп хабарлайды "Жетінші арна".

Телеарна мәліметінше, мердігердің жұмысын қабылдау кезінде осындай былықтың беті ашылды. Жаяу жүргінші жолы мен балалардың ойын алаңындағы асфальттың сапасы сын көтермейді.

Тұрғындардың айтуынша, асфальтті қиыршық тассыз, құр топырақтың үстіне төсей салған.

Компанияға бұған дейін де шағым түсіп, олқылықтың орны толтырылуға тиіс еді. Алайда нәтиже жоқ. Тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға 43 млн теңге бөлінген.

Әкімдік өкілдері атүсті жасалған жұмысты қабылдамай қойды. Енді мердігер қатені түзеуі керек.

"Орындалған жұмыстар бойынша актілер келіп түсті. Алайда тапсырыс беруші оларды қабылдаған жоқ, керісінше кері қайтарып, ескертулер жасалды. Себебі барлық жұмыс құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта мердігерге анықталған ескертулер мен кемшіліктерді жою туралы талаптар қойылды", - дейді қала әкімінің орынбасары Фархат Байкасов.

Степногорскіде 43 млн теңгеге жасалған жолдың сапасы сынға ұшырады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram