jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астанада көше қиылыстарының бірі 5 қазанға дейін жабық тұрады

белгі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астана әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды қаладағы көше қиылыстарының бірінде қозғалыс екі аптадан астам шектелетіні туралы ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, инженерлік желілерді тарту жұмыстарына байланысты Әнет баба және ЕК-26 көшелерінің қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс толығымен шектеледі.

Көше қиылысы 20 қыркүйектен 5 қазанға дейін жабық тұрады

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы болуы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді әкімдіктегілер.

Астанада көше қиылыстарының бірі 5 қазанға дейін жабық тұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram