jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тараз әуежайынан әуе отыны бағасына қатысты тексеруден кейін 25 млн теңге тәркіленді

Тараз әуежайы
Тараз әуежайы. Фото: polisia.kz

"Әулие-Ата" халықаралық әуежайы" АҚ-ға қатысты әуе отыны бағасына байланысты тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің мәліметінше, БҚДА-ның Жамбыл облысы бойынша департаменті "Әулие-Ата" халықаралық әуежайы" АҚ-ның әуе отынын өткізу кезінде баға белгілеу мәселесі бойынша қызметін зерделеген.

Тергеп-тексеру барысында әуе отынына өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған.

"Өз кезегінде әуежай тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспей, оларды бірінші және екінші сатыдағы соттарда даулады. Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен тергеп-тексеру нәтижелері заңды және негізді деп танылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ кәсіпорын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3,2 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынған және монополиялық қызмет нәтижесінде алынған 25,2 млн теңге көлеміндегі монополиялық кірісі тәркіленген.

Бұдан бөлек, әуежайға әуе отынына экономикалық тұрғыдан негізді баға белгілеу туралы нұсқама берілген.

Тараз әуежайынан әуе отыны бағасына қатысты тексеруден кейін 25 млн теңге тәркіленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram