jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда "Медеу" мен "Шымбұлаққа" көлікпен кіруге шектеу қойылады: жаңа ереже кімдерге қатысты

"Медеу" спорт кешені
"Медеу" спорт кешені. Иллюстрациялық фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы мәслихатының депутаттары "Медеу" өңірлік табиғи паркі мен "Шымбұлақ" шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына көлікпен кіруді реттейтін жаңа тәртіпті қолдады, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шешім жобасын мәслихат сессиясында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бахтыгереев таныстырған.

Оның айтуынша, жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – ерекше қорғалатын аумақтарға түсетін көлік және антропогендік жүктемені азайту.

Жаңа талаптарды енгізуге 2026 жылы 12 маусымда Конституциялық соттың бұрынғы шектеуге қатысты шығарған қаулысы негіз болған. Сот 2016 жылы әкімдік қаулысымен белгіленген шектеуді Конституцияға сәйкес емес деп танып, мұндай шешімдерді мәслихат қабылдауға тиіс екенін және тұрғындардың құқығы ескерілуі қажет екенін атап өткен.

"Біз бұрынғы тәртіпті жай ғана сақтап қалуды емес, экологиялық жағдайды, заң талаптарын және тұрғындардың құқығын ескере отырып, көлік жүктемесін реттеудің заңды тетігін енгізуді ұсынып отырмыз", - деді Аршат Бахтыгереев.

Басқарманың мәліметінше, бақылау-өткізу пункті арқылы тәулігіне шамамен 700 көлік өтеді. 2026 жылдың сегіз айында 179 024 көліктің өткені тіркелген. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 76 606 болған.

"Жаңа тәртіп бойынша іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады. Электромобильдерге бөлек режим қарастырылған: жұмыс күндері кіруге рұқсат етіледі, ал демалыс және мереке күндері шектеу барлық көлік құралына қолданылады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте жаңа тәртіп бойынша тұрғындардың мүддесі, сондай-ақ жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің жұмысы ескеріледі. Бұл аумақта 48 жеке тұрғын үй, "Қазгидромет" пен "Қазселденқорғауға" тиесілі қызметтік-тұрғын үй ғимараттары, сондай-ақ Тұйықсу шатқалындағы нысандар орналасқан.

Алматыда "Медеу" мен "Шымбұлаққа" көлікпен кіруге шектеу қойылады: жаңа ереже кімдерге қатысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram