jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады

Жүк көліктері
Жүк көліктері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері бір күнге жабылады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаға KAZ.NUR.KZ.

МКК ресми сайтында 25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылатынын ескертті.

Бұл Қытайда "Күз ортасы мерекесінің" атап өтілуіне байланысты.

"Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылар мен мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарды енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram