jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде қозғалыс қайта шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақ
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақ. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде көлік қозғалысы қайта шектеледі. Көше учаскесі 18-19 қыркүйек аралығында жабылады, деп хабарлайды Almaty Joly-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Almaty Joly арнасының мәліметінше, Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

18 қыркүйек сағат 23:00-ден 19 қыркүйек сағат 16:00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін жабылады", - делінген хабарламада.

Хабарламада жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылатыны айтылған.

"Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламда.

Қозғалыс шектелетін аумақ схемасы
Қозғалыс шектелетін аумақ схемасы. Фото: t.me/AlmatyJoly

Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде қозғалыс қайта шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram