Алматы облысында жоғалған 17 жастағы қыз аман-есен Қарағандыдан табылды
Жарияланған күні:

Алматы облысында бір жарым ай бұрын ұшты-күйлі жоғалған 17 жастағы қыз аман-есен табылды. Ата-анасы шырт ұйқыда жатқанда үйінен қашып кеткен жасөспірім Қарағандыдан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Анасының сөзінше, Ясминаның өзі әкесіне хабарласыпты. Ол жалдамалы пәтерде тұрып келген. Қарағандыдағы жеке балабақшалардың біріне жұмысқа орналасып алыпты. Іздеуде жүргенін білген бойда, мекеме басшысы да полицияға бірден хабар берген.
Еске салайық, 17 жастағы жасөспірім бір жарым ай бұрын үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Көз жазып қалған жақындары дереу полицияға хабарласады. Осыдан кейін іздеу жұмысы басталған. Өзге өңірден табылған жасөспірім әзірге бейімдеу орталығында.
"Бұрын Алматы қаласында із-түзсіз жоғалғандар санатында болған 2009 жылғы қыз табылды. Оған іздеу жарияланған, яғни Алматы полиция департаментіне хабарлама берілді. Қазір кәмелетке толмаған бойжеткен уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп пікір білдірді Қарағанды облысы ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров.
Дереккөз: КТК телеарнасы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2429862-almaty-oblysynda-zhogalgan-17-zhastagy-qyz-aman-esen-qaragandydan-tabyldy/
