Таразда су арнасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Жарияланған күні:

Таразда су арнасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Қазір полицейлер безбүйрек ананың кім екенін анықтауға кіріскен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Таразда су арнасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Қазір полицейлер безбүйрек ананың кім екенін анықтауға кіріскен.
Кіндігі кесілмеген шақалақтың денесін ойын балалары орталық базар маңындағы арнадан тауып алған.
Шошып кеткен олар алғашында сәбидің денесін қуыршақ екен деп ойлапты. Көмекке келген үлкендер нәрестені судан алып шықты. Қазір баласынан безінген көкек-ананы іздеп жатыр.
"Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 100-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.Полиция қызметкерлерімен анасының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толыққанды және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жалғасуда", - деп пікір білдірді Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2429865-tarazda-su-arnasynan-zhanga-tugan-narestening-denesi-tabyldy/
