jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Atyrau Creative Days: жәрмеңкенің алғашқы күні аяқталды

Atyrau Creative Days
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Астанада өтіп жатқан Atyrau Creative Days креативті жәрмеңкесінің алғашқы күні қорытындыланды, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.

Бүгін жәрмеңке алаңында атыраулық дизайнерлер, қолөнер шеберлері, суретшілер мен өнерпаздар өз шығармашылығын елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстырды.

Atyrau Creative Days
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Алғашқы күннің өзіне 3000-ға жуық көрермен келіп, жәрмеңке жұмысына қызығушылық танытты.

Atyrau Creative Days
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Күн бағдарламасында музыкалық және театрландырылған қойылымдар, шығармашылық таныстырылымдар, ұлттық және заманауи өнер туындыларының көрмесі өтті. Сонымен қатар Fashion Design бағыты бойынша сән көрсетілімі ұйымдастырылып, атыраулық дизайнерлердің жаңа топтамалары көпшілік назарына ұсынылды.

Atyrau Creative Days
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жәрмеңке барысында креаторлардың авторлық бұйымдарына қызығушылық танытып, сатып алғандар да болды. Осылайша, атыраулық шығармашылық өнімдер Астана аудиториясына ұсынылып, нақты сатылымдарға ұласты.

Atyrau Creative Days
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Atyrau Creative Days ертең де жалғасады.

Астана қаласы, Qazaq Creative Hub, Жошы хан 16/2. Кіру тегін.

Atyrau Creative Days: жәрмеңкенің алғашқы күні аяқталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram