jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер: жаңа мәліметтер белгілі болды

Ұшақ
Ұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігі Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына тікелей рейстерді іске қосу қауіпсіздігін бағалау үшін тексеру жүргізеді. Бұл туралы Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 21-25 қыркүйек аралығында АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) Қазақстанда ұшу қауіпсіздігіне халықаралық бағалау (IASA) жүргізеді.

2026 жылғы бағалау FAA-мен жүргізілген дайындық жұмыстарының жалғасы болып табылады.

Көлік министрлігі Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен (ҚАӘ) және Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігімен бірлесіп, екі жылдан бері Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін жұмыстар жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Бағалау ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесіне қатысты жүргізіледі және Қазақстан Республикасының авиациялық билігінің ИКАО-ның қолданыстағы стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігін анықтауға бағытталған. Аталған стандарттар ИКАО-ның 1-қосымшасы "Авиация персоналына куәліктер беру", 6-қосымшасының I бөлігі "Халықаралық коммерциялық әуе тасымалы – Ұшақтар" және 8-қосымшасы "Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы" құжаттарында қамтылған.

IASA бағалауы барысында FAA сарапшылары авиациялық заңнаманы, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету жүйесінің сегіз сыни элементіне сәйкес мемлекеттің қадағалауды жүзеге асыру қабілетін қарастырады", - делінген хабарламада.

Ведомство 24 қыркүйекте FAA тобының АҚШ Көлік министрлігінен коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат алуға өтінім берген Air Astana әуекомпаниясына техникалық сапары жоспарланғанын хабарлады.

"Сапардың мақсаты – ашықтықты қамтамасыз ету процесі шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен (ҚАӘ) алынған ақпаратты растау. Аталған сапар әуекомпаниясына әуе тасымалдаушы сертификатының иесі ретінде жүргізілетін инспекциялық тексеру болып табылмайды.

IASA бағалауы аяқталғаннан кейін FAA ҚАӘ-пен қорытынды брифинг өткізеді, одан кейін қаралған бағыттар бойынша жазбаша есеп ұсынады.

IASA бағалауы ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру және Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу жөніндегі жұмысты ілгерілету жолындағы маңызды кезең болып табылады", - деп нақтылады Көлік министрлігінің өкілдері.

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер: жаңа мәліметтер белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram