jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ШҚО-да үш жетім бала баспана кезегінен заңсыз шығарылған

Прокурор
Прокурор. Иллюстрациялық фото: gov.kz

Риддерде баспана кезегінен үш жетім бала заңсыз шығарылған. Прокуратура іске араласқаннан кейін олардың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Риддер қаласының прокуратурасы әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарының сақталуын тексеру барысында заңбұзушылықтарды анықтады. Үш жетім бала баспана алу кезегінен заңсыз алып тасталған.

"Оларды тізімнен шығаруға Риддер қаласында уақытша тұруы және бастапқыда кезекке қойылғанын растайтын құжаттардың жоғалуы негіз болған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды. Үш кәмелетке толмаған бала да бастапқы кезекке тұрған күні сақтала отырып, қайтадан кезекке қойылды.

Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

ШҚО-да үш жетім бала баспана кезегінен заңсыз шығарылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram