Көкшетауда кішкентай бала пәтерде қамалып қалды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Көкшетауда 2024 жылы туған бала пәтерде қамалып қалды. Құтқарушылар есікті ашып, көмекке келген, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство дерегінше, Көкшетау қаласында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары птер ішінде қамалып қалған 2024 жылы туған баланы құққарды.
"Құтқарушылар арнайы шанцевтік құралдың көмегімен есікті ашып, пәтерге кіруге мүмкіндік берді. Балаға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ ата-аналарға ескертеді: балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, оларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіздер. Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2430800-kokshetauda-kishkentai-bala-paterde-qamalyp-qaldy-video/
